Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Версия для слабовидящих
Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
26.02.2026

Zaman Bank AAOIFI Шарғиат стандарттарының орыс тіліне ресми аудармасына демеушілік етті

Zaman Bank исламдық қаржы өнімдеріне қойылатын Шариғат талаптарын реттейтін негізгі құжат — AAOIFI Шариғат стандарттарының ресми түрде орыс тіліне аударылуына демеушілісі болды. Бұл біз үшін тек саланы дамытуға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар сенімді нығайтуға бағытталған қадам: ашық әрі түсінікті стандарттар Еуразия өңіріндегі адамдар мен бизнес үшін қаржыны адал әрі қолжетімді етеді.

Шариғат стандарттарының толық мәтінінің орыс тіліндегі жаңа, үшінші басылымы (1–61 стандарттар) Еуразиялық даму банкі, Шейх Зайед атындағы Кәсіпкерлікті және инновацияларды қолдау қоры және Zaman Bank қолдауымен дайындалды. Аударма AAOIFI-дің қатаң талаптарына сәйкес жүзеге асырылды және ТМД елдері мен Орталық Азиядағы банктер, инвестициялық қорлар, финтех-компаниялар және зерттеушілер үшін практикалық бағдар болмақ. Таралымның бір бөлігі білім мен стандарттар кең кәсіби аудиторияға қолжетімді болуы үшін кітапханалар мен коммерциялық емес ұйымдарға табысталады.

Сарапшылардың бағалауынша өңірде исламдық қаржы тұрақты өсім көрсетіп келеді — жылына 15–30% аралығында. Стандарттар исламдық қаржыландырудың негізгі келісімшарттарын, берешекті қамтамасыз ету және реттеу мәселелерін, банктік операцияларды, зекет пен уақфты қамтиды. Бұл аударманы қолдай отырып, Zaman Bank өзінің миссиясын — технологиялар құндылықтарға қызмет ететін, ал ақша адал айналым жасайтын ашық, айқын әрі этикалық қаржылық сервистер экожүйесін дамыту ниетін растайды.

Анықтама үшін:

AAOIFI — исламдық қаржы нарығына арналған стандарттарды әзірлейтін халықаралық тәуелсіз ұйым, бас кеңсесі Бахрейн Корольдігінде орналасқан. 200-ден астам стандарт әзірленген, 50-ден астам елде қолданылады.