logo
Размер шрифта:
Цвет сайта:
Версия для слабовидящих
Размер шрифта:
Цвет сайта:

Сұрақтарға жауаптар

Үстеме баға дегеніміз не және ол неден құралады?

"Исламдық банкингтегі үстеме баға – бұл классикалық банктегі пайыздық мөлшерлемемен бірдей емес. Ол бір рет белгіленеді және шарттың бүкіл мерзімі бойы өзгеріссіз қалады, яғни инфляцияға, нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруіне немесе басқа да экономикалық факторларға тәуелсіз болады.

Үстеме баға – бұл банк үшін сауда мәмілесінен түсетін, тараптар алдын ала келіскен пайда мөлшері. Біздің өнімдерде ол кейде пайыздық формулалар арқылы есептелуі мүмкін, бұл тек есептеуге арналған ыңғайлы математикалық құрал ғана және ол риба (өсім) болып саналмайды. Бұл толықтай Шариғат талаптарына және исламдық банкинг қағидаттарына сай келеді."

Неліктен исламдық банкингте артық төлем мұншалықты жоғары?

Біз ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейміз. Клиент ең басынан бастап өзі төлеуі тиіс жалпы соманы біледі. Біздің өнімдерде жасырын комиссиялар немесе басқа да қосымша төлемдер жоқ. Үстеме баға шарттың басында белгіленіп, оның соңына дейін өзгеріссіз қалады. Бұл әділетті исламдық қаржыландыру қағидаттарына толықтай сай келеді.

Сонымен қатар мынаны түсіну маңызды: үстеме баға кейде дәстүрлі несиелердегі пайыздық мөлшерлемеден жоғары болуы мүмкін. Оның себебі — біз тек халал қаражатпен жұмыс істейміз, яғни риба (өсім) бар несиелік ақшамен емес. Мұндай жол — таза жол, ол шариғат қағидаттарына сәйкес келеді және тыйым салынған ешнәрсені қамтымайды. Дәл осындай мәмілелерде береке  болады, себебі олар өсімқорлыққа емес, нақты саудаға негізделген.

Неліктен калькулятордағы есеп шарттағы сомадан өзгеше болуы мүмкін?

Сайттағы калькулятор алдын ала мүмкіндіктеріңізді бағалауыңыз үшін шамамен есептеу нәтижесін ұсынады. Қаражат төлеудің нақты жалпы сомасы шарт рәсімделген кезде белгілі болады, өйткені онда қаржыландырудың нақты басталу күні мен әр айдағы күндер саны ескеріледі.

Қазіргі уақытта біз есептеулердегі кез келген айырмашылықтарды азайту үшін бастапқы кезеңде неғұрлым дәл нәтиже беретін жаңа калькуляторды әзірлеп жатырмыз.

Неліктен ақпарат алу үшін тіркелу қажет және менің деректерім қаншалықты қорғалған?

Үстеме баға туралы нақты ақпарат беру үшін біз тіркеуден кейін көрсетілетін сіз таңдаған сома мен мерзімді білуіміз қажет. Бұл бізге төлем құнын сізге жекелей есептеуге мүмкіндік береді.

Сіздің жеке деректеріңіз сенімді қорғалған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес қолданылады. Біз сіздің келісіміңізсіз оларды үшінші тұлғаларға бермейміз. Егер сізге қаржыландырудан бас тартылса, бұл шешім алаяқтыққа байланысты емес, сіздің төлем қабілеттілігіңізге жасалған талдау негізінде, заң талаптарына сәйкес қабылданған.

Исламдық банкинг классикалықтан қымбатырақ па?

Исламдық қаржыландыру кейде қымбатырақ болып көрінуі мүмкін, өйткені қаржыландыру үшін қарыз ақша емес, халал қаражат тартылады. Бұл банк Шариғат талаптарына сай рұқсат етілген, таза көздерден – клиенттердің салымдары мен инвестицияларынан ғана жұмыс істейді дегенді білдіреді. Бұл клиенттер де өз табыстарын исламдық принциптерге сай алғысы келеді.

Мұндай қаражат тыйым салынған салалармен (ішімдік, құмар ойындар, қару-жарақ өндірісі және т.б.) байланысты емес, сондай-ақ пайыздық табыс әкелмейді.

Сонымен қатар, біз ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейміз. Клиент бастапқы кезеңде-ақ төлеуі тиіс жалпы соманы біледі. Біздің өнімдерде жасырын комиссиялар, сақтандыру төлемдері немесе басқа да қосымша шығындар жоқ. Үстеме баға шарттың басында белгіленіп, соңына дейін өзгеріссіз қалады – бұл әділетті исламдық қаржыландыру принциптеріне толықтай сай келеді.

Мерзімінен бұрын өтеу кезінде үстеме бағадан қалай үнемдеуге болады?

Мерзімінен бұрын өтеу кезінде қайта есептеу жүргізіледі. Сіз исламдық қаржыландыруды нақты пайдаланған мерзім үшін ғана төлейсіз. Бұл соңғы төлем сомасын шарттағы толық мерзімге есептелген сомадан азайтуға мүмкіндік береді, осылайша үнемдеуге болады.

Неліктен маған қаржыландыру беруден бас тартылды?

Қаржыландыруды беру туралы шешім сіздің төлем қабілеттілігіңізді мұқият бағалау және заң талаптарына сәйкестігін тексеруден кейін қабылданады. Біздің қосымшада тіркелу автоматты түрде мақұлдау кепілдігін бермейді.

Банк Шариғат талаптарына сәйкес келуді қалай бақылайды?

Барлық өнімдер Zaman Bank Шариғат кеңесінің тексеруінен өтеді: шарттар мен схемаларды сараптау, жаңа өнімдер бойынша қорытындылар, тұрақты аудит. Лицензиялар мен исламдық операцияларға қатысты құжаттар «Банк туралы» бетте жарияланған.

Айыппұл ретінде алынған қаражат қайда бағытталады?

Төлемді кешіктіру үшін алынған айыппұл біздің банктің табысы болып саналмайды. Бұл қаражаттың барлығы қайырымдылық мақсаттарға бағытталады.

Біз қолдау көрсетілген қорлар мен аударымдардың мақсаттары туралы есептерді сайттағы «Жаңалықтар» бөлімінде үнемі жариялап тұрамыз, бұл толық ашықтықты қамтамасыз етеді.