Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Версия для слабовидящих
Размер шрифта:
Стандартный
Средний
Большой
Стандартный
Средний
Большой
Цвет сайта:
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный
Цветной
Монохромный светлый
Монохромный темный

Шетелден бір сәтте
аударымдар — криптовалюта арқылы

Жылдам
және тиімді

Транзакция онлайн жүргізіледі

Ыңғайлы және қауіпсіз

АХҚО-да лицензияланған Deliryo компаниясымен Zaman Bank-тің
серіктестігі аударымның заңдылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Айқын
конвертация

Мәміле шарттары клиентпен расталады.
Төлем бірден Zaman Bank-тегі теңге (KZT) шотына түседі

Криптоаударымдарды қосуға
арналған өтінім

+7

Бұл қалай жұмыс істейді

Жылдам, заңды,
жоғары комиссияларсыз,
ҚР валюталық заңнамасына толық сәйкес
Кімге қолайлы
icon

АТ-фрилансерлер
және қызметтерді
экспорттайтын компаниялар

icon

Шетелдік клиенттермен
жұмыс істейтін ЖК

icon

Криптовалютада
төлем қабылдайтын
бизнес

Жиі қойылатын
сұрақтар
Біздің банктегі криптовалюта арқылы аударымдар туралы білуге тиісті барлық ақпарат.
Егер сіз қызықтырған сұраққа жауап таба алмасаңыз, қолдау қызметіне жүгінуіңізді сұранамыз.
ZAMAN BANK криптоаударымдар сервисі дегеніміз не?

Бұл сервис шетелдік компаниялардан төлем қабылдауға мүмкіндік береді. Контрагент шетелде USDT немесе USDC стейблкоиндерінде төлейді, ал сіз ZAMAN BANK-тегі шотыңызға теңге (KZT) түрінде қаражат аласыз.

Криптовалюта арқылы аударым қалай жүзеге асады?

1.Сіз ZAMAN BANK-тен шот және біздің серіктес Deliryo компаниясынан криптоәмиянды мобильді қосымша арқылы ашасыз.
2.Криптоаударымға өтінім жіберіп, шетелдегі контрагент туралы мәліметтерді толтырасыз.
3.Мәміленің шарттарын (соманы, бағамды және комиссияны) келісесіз.
4.Шетелдік контрагент көрсетілген криптоәмиянға USDT немесе USDC жібереді.
5.Біздің серіктес Deliryo қаражаттың түскенін тіркейді және криптовалютаны конвертациялайды.
6.Теңге түріндегі қаражат сіздің ZAMAN BANK-тегі шотыңызға түседі.

Қандай клиенттер криптоаударым қызметін қоса алады?

Бұл сервис USDT немесе USDC арқылы шетелдік контрагенттермен жұмыс істейтін және төлемді ZAMAN BANK-тегі шотына теңгемен алуды қалайтын компаниялар мен жеке кәсіпкерлерге арналған. Егер сервис туралы толығырақ білгіңіз келсе, сайтта өтінім қалдырып, кеңес ала аласыз.

АҚШ пен Еуропадан төлем қабылдауға бола ма?

Иә, АҚШ, ЕО елдері және криптовалютамен операцияларға шектеу қойылмаған басқа да юрисдикциялардан төлем қабылдауға болады. Қосылу барысында қолжетімді елдердің нақты тізімін менеджер нақтылап береді.

Менің контрагентім қандай криптовалютамен төлей алады?

Қазіргі уақытта сервис USDT және USDC стейблкоиндеріндегі төлемдерді жүзеге асыра алады. Басқа активтер бойынша мүмкіндік менеджермен жеке тәртіпте қарастырылады.

Қаражатты қандай валютада аламын?

Сіз өз компанияңыздың ZAMAN BANK-тегі шотына фиат түрінде — теңге (KZT) аласыз. Криптовалюта шетелдегі контрагент үшін төлем әдісі болып табылады.

Мұндай сервисті пайдалану заңды ма және қауіпсіз бе?

Операциялар ZAMAN BANK серіктесі — АХҚО-да лицензияланған Deliryo компаниясы арқылы жүзеге асырылады. Қаражаттың сіздің шотыңызға түсуі қолданыстағы заңнама мен қаржылық мониторинг рәсімдері аясында ZAMAN BANK тарапынан орындалады. Сіз есепке алу үшін стандартты банк құжаттарын және үзінді көшірмелерді аласыз. Барлық транзакциялар AML/KYC талаптарына сәйкестігі бойынша тексеріледі.

Шетелдік серіктес ZAMAN BANK-тен шот ашуы тиіс пе?

Жоқ, сіздің контрагентіңізге тек USDT/USDC жіберетін криптоәмиян немесе биржадағы аккаунт жеткілікті. Кей жағдайларда комплаенс-тексеру үшін контрагент туралы қосымша ақпарат сұралуы мүмкін.

Аударым қанша тұрады және айырбастау қандай бағам бойынша жүзеге асады?

Комиссия мен конвертация бағамы мәміле алдында сізбен талқыланады және аударым жіберілгенге дейін бекітіледі. Сіз шотқа қанша теңге түсетінін алдын ала көресіз және шарттарды өзіңіз растайсыз. Мәміледен кейін ешқандай жасырын комиссия қосылмайды.

Қаражат менің шотыма қанша уақытта түседі?

Криптовалюта түсіп, желіде транзакция расталғаннан кейін біз конвертация жасап, қаражатты шотыңызға аударамыз. Көп жағдайда қаражат банк жұмыс уақыты мен блокчейн жүктемесіне қарай сол күні түседі.

Сервисті қосу үшін не дайындау керек?

Әдетте компанияңыз бойынша стандартты құжаттар пакеті қажет (жарғылық құжаттар, басшы мен бенефициарлар туралы мәліметтер), сондай-ақ шетелдік контрагенттер мен төлемдердің сипаты туралы базалық ақпарат. Құжаттардың толық тізімін сіз сайтта немесе ZAMAN BUSINESS мобильді қосымшасында өтінім жібергеннен кейін аласыз.

Компанияңыз үшін криптоаударымдарды қалай қосуға болады?

Сайттағы «Криптоаударымдарды қосуға өтінім» нысанын толтырыңыз: компания атауын, контрагент елін және байланыс нөмірін көрсетіңіз. ZAMAN BANK менеджері сізбен байланысып, сұрақтарыңызға жауап береді және қосудан өтуге көмектеседі.

ZAMAN BANK —
30 жылдан астам сенім
мен тұрақтылық

Қазақстандағы алғашқы
исламдық Digital банк
Үйден шықпай-ақ қаржыландыру
2024 жылғы депозиттердің
өсімі бойынша көшбасшы
Қазақстан қаржыгерлері
қауымдастығының деректері
Шариғат қағидаттарына
сәйкес келеміз
Банкте исламдық қаржыландыру
қағидаттары жөніндегі Кеңес жұмыс істейді
Жаңа мобильді қосымшаны
қолданып көріңіз