Zaman Bank Шариғат аудитінен сәтті өтті және исламдық стандарттарға сәйкестігін растады
Zaman Bank-та біздің өнімдер мен қызметтердің исламдық қаржы қағидаттарына сәйкестігін анықтауға бағытталған жыл сайынғы тексеріс аяқталды. Исламдық қаржы қағидаттары жөніндегі кеңес (ИҚҚК) келісімшарттарды, пайда үлесін бөлу тетіктерін, инвестициялық қызметті және клиенттермен жұмыс істеу процестерін жан-жақты талдаудан өткізді.
Аудит қорытындысы бойынша Zaman Bank операциялары AAOIFI халықаралық стандарттарына сәйкес келетіні расталды. Сарапшылар жоғары деңгейдегі ашықтықты, бақылауды және біздің клиентке ортақ құндылықтармен бөлісетін серіктес ретінде жауапкершілікпен қарайтынымызды атап өтті.
Біз үшін шариғаттық аудит — жай ғана формальдылық емес, банк пен қоғам арасындағы сенімді растайтын маңызды процесс. Zaman Bank-тің әрбір операциясы мен әр өнімі шариғат талаптары мен AAOIFI стандарттарына сай болуына жіті мән береміз. Бұл тек исламдық банкті дамытуға ғана емес, әділ әрі жауапты қаржылық қарым-қатынастың мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді
Zaman Bank-тің кең ауқымды өнімдері — жеке және бизнеске арналған исламдық қаржыландыру, «Вакала Zaman» инвестициялық депозиті және реферальдық бағдарлама — ИҚҚК сертификатына ие.
Біз исламдық қаржыны әр адамға қолжетімді, қарапайым әрі ыңғайлы ету үшін технологиялар мен сервистерді дамытуды жалғастырудамыз. Zaman Bank — құндылықтар тоғысатын, ал қаржылық болашақ айқын әрі сенімді болатын орын.
Анықтама:
Шариғат кеңесінің шешім қабылдаудағы рөлі — ұйым немесе банктің қызметі шариғат талаптары мен қағидаттарына сай болуына кепілдік беру. Шариғат кеңесінің құрамына Исламдық қаржы қағидаттары жөніндегі кеңестің төрағасы — Мақсатбек Қайырғалиев, сондай-ақ Кеңес мүшелері — Алтаф Ахмад және Әділбек Рысқұлов кіреді.