Zaman Bank Қазақстан Президентінің сапары аясында өткен Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысты
Zaman Bank Исламабад қаласында (Пәкістан) өткен Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысты. Форум серіктестікті дамыту және экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында екі елдің бизнес, қаржы секторы және мемлекеттік құрылым өкілдерін біріктірді.
Іскерлік бағдарлама аясында Zaman Bank Басқарма төрайымы Гүлфайруз Асаева Пәкістанның екі банкі — Askari Bank және исламдық Meezan Bank өкілдерімен кездесулер өткізді. Тараптар елдер арасындағы сауданы дамытуға жағдай жасау үшін корреспонденттік қатынастар орнату мүмкіндіктерін, сондай-ақ исламдық банкинг саласындағы ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды және цифрлық технологияларды қолдана отырып заманауи шариғаттық қаржы құралдарын дамыту мәселелерін талқылады.
«Zaman Bank үшін мұндай кездесулер — ашықтық, әдептілік және технологиялық ортақ құндылықтарына негізделген серіктестіктер құруға, сондай-ақ адамдар мен бизнес үшін ислам қаржысын қолжетімді әрі түсінікті етуге ықпал ететін халықаралық байланыстарды күшейтетін мүмкіндік. Исламдық қаржы экожүйесі дамыған ел ретінде Пәкістанның тәжірибесі банк өнімдері мен сервистерін одан әрі дамыту үшін ерекше қызығушылық тудырады», — деп атап өтті Zaman Bank Басқарма төрайымы Гүлфайруз Асаева.
Бизнес-форумға қатысу дәстүр мен технологияны ұштастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалар мен бизнес қажеттіліктерін терең түсінуге негізделген исламдық қаржыны дамытудағы қазақстандық тәсілді таныстыруға мүмкіндік берді.