Zaman Bank ислам қаржысы бойынша AI-ассистенті мен алғашқы виртуалды инфлюенсерді таныстырды
Zaman — тәулік бойы 24/7 сұрақтарға жауап беретін, ислам қаржысы құралдарын түсінуге көмектесетін, күрделі қағидаттарды қарапайым және түсінікті тілмен түсіндіретін және клиенттерге күнделікті қаржылық міндеттерінде қолдау көрсететін біздің цифрлық сарапшымыз. Таныстыру рәсімі Алматы қаласында блогерлер мен журналистерге арналған оқыту семинары аясында өтті.
Zaman екі форматта жұмыс істейді:
- мобильді қосымшада тәулік бойы сұрақтарға жауап беретін ақылды ассистент ретінде;
- әлеуметтік желілерде (Instagram және TikTok) өзіндік стилі мен мінезі бар виртуалды инфлюенсер ретінде контент жасайды.
Zaman виртуалды инфлюенсерін құру идеясы исламдық қаржы туралы білімді кең аудиторияға жақын әрі түсінікті ету қажеттілігінен туды. Біз оны үнемі жетілдіріп, оқытып отырамыз, сондықтан Zaman уақыт өткен сайын дәлірек, пайдалы әрі адамдардың сұрақтарына сезімтал бола түседі. Zaman жасанды интеллект ассистентімен сөйлесе отырып, пайдаланушылар Банк туралы көбірек мағлұмат алады, сапалы ақпарат пен түсінікке ие болады және олардың әрқашан «сенім артатын тұлғасы» — қағидаттарды түсіндіріп, күмәнді сейілтіп, кез келген сұраққа жауап беретін сарапшы бар екенін сезінеді. Zaman құндылықтарды, сараптаманы және технологиялылықты біріктіретін цифрлық көпірге айналды.
Семинарда сондай-ақ ZAMAN BANK Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсатбек Қайырғалиев пен AAOIFI Шариғат кеңесшісі әрі аудиторы Әділбек Рысқұлов сөз сөйледі. Сарапшылар исламдық қаржыландырудың негіздері, жаһандық трендтер және қазіргі технологиялардың адал әрі ашық қаржылық сервистерді дамытуға қалай көмектесетіні туралы айтты.
Zaman — ZAMAN BANK-тің адамдар мен бизнеске арналған ашық, технологиялық және этикалық финтех-экожүйе құру стратегиясының бір бөлігі.
Анықтама:
ZAMAN BANK – бұл адамдар, дәстүрлер және технологиялар. Біздің жұмысымыздың өзегінде — адамдар: олардың мақсаттары, қағидаттары және әділдікке деген ұмтылысы. Біз моральдық бағдарларды, адалдықты және рухани құндылықтарды қамтитын дәстүрлерді құрметтейміз. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, біз қаржылық қызметтерді қолжетімді, ыңғайлы және мүмкіндігінше ашық етеміз.
ZAMAN BANK – бұл өткен мен болашақтың синтезі. Мұнда әрбір адам өз қаржысын сенімді түрде басқарып, өзіне және өз ұстанымдарына адал қала алады. Біз уақыт тілінде сөйлейтін және клиенттеріміздің сенімі мен мәдениетіне терең құрметпен қарайтын банкті қалыптастырамыз.
Біздің өнімдеріміз:
Жеке тұлғалар үшін: 3 000 000 теңгеге дейін, бес жыл мерзімге берілетін исламдық қаржыландыру. Бұл — тауар мурабахасы қағидаттарына негізделген, сіздің кез келген мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін икемді шешім.
Жинақтағысы келетіндер үшін: Күтілетін жылдық табыстылығы 20%-ға дейін болатын «Уакала Zaman» инвестициялық депозиті. Сіздің қаражатыңыз тек халал активтерге орналастырылады, бұл толық ашықтықты қамтамасыз етеді.
Достар үшін: Біздің реферальдық бағдарламамыз арқылы исламдық өнімдерді пайдалану тәжірибеңізбен бөлісіп, өзіңіз де, достарыңыз да табыс таба аласыз.
Барлық өнімдер ZAMAN BANK мобильді қосымшасы арқылы онлайн қолжетімді.
Бизнеске арналған цифрлық шешімдер: Кәсіпкерлер үшін шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған исламдық қаржыландыру қолжетімді. ZAMAN BUSINESS қосымшасында сіз 10 000 000 теңгеге дейінгі қаржыландыруды ашық және әділ шарттармен ала аласыз.
Бизнес үшін — CRYPTO (АХҚО): Deliryo компаниясымен бірлесіп пилоттық транзакция жүргізілді.