29.12.2025
Zaman Bank Сіздерді 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 8 қаңтарға дейінгі кезеңде Банк филиалдарының жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды.
Құрметті клиенттер!
Zaman Bank Сіздерді 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 8 қаңтарға дейінгі кезеңде Банк филиалдарының жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды.
Барлық операциялар мен уақытша шектеулер Астана қаласының уақыты бойынша көрсетілген.
2025 ж. 31 желтоқсан:
Кассалық операциялар 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Теңгемен сыртқы төлемдер мен аударымдар:
- 13:00-ге дейін қабылданған төлемдер мен аударымдар ағымдағы күні орындалады;
- 13:00-ден кейін қабылданған төлемдер мен аударымдар келесі жұмыс күні орындалады.
Шетел валютасындағы сыртқы төлемдер мен аударымдар:
- төлемдер мен аударымдар 12:00-ге дейін қабылданып, ағымдағы күні орындалады;
- RUB валютасындағы төлемдер мен аударымдарды қабылдау және орындау 2026 жылғы 12 қаңтарға дейін тоқтатылды.
Банкішілік төлемдер мен аударымдар:
- төлемдер мен аударымдар 14:00-ге дейін қабылданып, орындалады.
Жұмыс және демалыс күндері:
• 2026 ж. 1–4 қаңтар — демалыс күндері;
• 2026 ж. 5–6 қаңтар — Банктің филиалдары қалыпты режимде жұмыс істейді;
• 2026 ж. 7 қаңтар — демалыс күні;
• 2026 ж. 8 қаңтардан бастап — Банктің филиалдары стандартты режимде жұмыс істейді.
Құрметпен,
Zaman Bank ұжымы
Похожие статьи